1 қыркүйек – Білім күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні (Ахмет Байтұрсынұлының туған күні) 13 қыркүйек (екінші жексенбі) – Отбасы күні 21 қыркүйек – Дүниежүзілік бейбітшілік күні 27 қыркүйек (соңғы жексенбі) – Еңбек күні 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ "БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ

Қыркүйек – білім мен тәрбиенің жаңа белесі

Қыркүйек – білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының тынысы сезіліп, әр білім алушының арманы мен мақсатына жол ашылатын ерекше кезең. Бұл айда білім сапасын арттыру, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтар негізінде саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жаңа қарқын алады. Ұстаздың білімі мен еңбегі, мектептің жүйелі жұмысы – әр баланың жетістігіне бастар маңызды қадам. Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа нәтижелер кезеңі!