Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім меңгеруші БОС ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.
Құжаттарды №57 бұйрықтың 113 тармағына сәйкес, төменде көрсетілген мекеменің электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Лауазым атауы: «Білім мазмұнын талдау және цифровизация» бөлімі меңгерушісі
Кәсіби талаптар: жасанды интеллект құралдарын (Gemini, ChatGPT, Claude, NoteBook LM) Microsoft Office бағдарламаларын (Word, Excel, PowerPoint, Power BI), Google Workspace (Google Doc, Google Spreadsheets, Google Drive, etc.) платформаларын, ҰБДҚ және BilimClass ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ Халықаралық зерттеулерді (PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ББЖМ) аналитикалық талдауды кәсіби деңгейде меңгеру қажет.
Жұмыс мерзімі: тұрақты
Жүктеме: 1 жүктемеде
Лауазымдық жалақы мөлшері: 250000-280000 теңге (орташа)
Өтініш қабылдау уақыты: 28.09.2026 ж. – 06.10.2026 ж.
